[Kaz] Новости

Жаттықтырушылар күнімен!

Бүгін – спорттағы ең маңызды тұлғалардың бірі, спортшылардың шабыт көзі мен бағыт берушісі – жаттықтырушылар күні!
Құрметті бапкерлер! Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз! Күн сайынғы еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз жас спортшылардың жеңісі мен жетістігінің бастауы болып табылады.
Патриоттық рухты, төзімділікті және мақсатқа ұмтылуды үйреткендеріңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен шәкірттеріңіздің жеңісімен қуана берулеріңізді тілейміз!
Сіздермен мақтанамыз! “Sana Sport” ұжымы