Өткен жексенбіде Sana Sport орталығына Қазақстанның танымал әншісі Марсель арнайы қонақ болып келді!
Кездесу барысында өнер иесі оқушыларымызбен еркін әңгімелесіп, өзінің шығармашылық жолындағы шабытты оқиғаларымен бөлісті, тәртіптің, табандылықтың және өз-өзіне сенудің маңыздылығы туралы айтты. Балалар қызығушылықпен сұрақтар қойып, естелік суреттерге түсіп, ерекше позитив алды.
Марсель орталықтағы шығармашылық бағыттарға — вокал мен хореографияға — ерекше назар аударып, жас өнерпаздардың таланты мен еңбегін жоғары бағалады.
Мұндай жүздесулер — тәрбиелік ортаның маңызды бөлігі. Олар балаларды шабыттандырып, ой-өрісін кеңейтіп, ұмытылмас әсер қалдырады.
Келгеніңізге рақмет, Марсель! Қайта жолығуға асықпыз!