«Karaganda BJJ OPEN 2025» халықаралық турниріндегі жеңіс!
31 мамырдан 1 маусымға дейін Қарағанды қаласында өткен халықаралық джиу-джитсу турнирі – «Karaganda BJJ OPEN 2025» үздік спортшыларды жинаған шара болды
Sana Sport командасы бапкері Иска́ндер Ачикеевтің жетекшілігімен турнирде лайықты өнер көрсетіп, екі категорияда жүлделі орынға ие болды!
🏆 Жүлдегерлер:
Жұманов Жанабат — 1-орын (Ги және Ноу-Ги)
Қуандық Айдын — 2-орын (Ги және Ноу-Ги)
Кенжебаев Даниал — 2-орын (Ги), 3-орын (Ноу-Ги)
Бұл жетістіктер — жүйелі дайындық, тәртіп, еңбек және команда қолдауының нәтижесі. Барша спортшылар мен бапкерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!