[Kaz] Новости

Балаларды қорғау күніне арналған волейбол турниріндегі күміс жүлде!

Sana Sport тәрбиеленушілері Балаларды қорғау күніне арналған 2014–2015 жылы туған қыздар арасындағы жабық волейбол турниріне қатысып, тамаша нәтиже көрсетті.

7 команданың ішінен біздің спортшыларымыз ұйымшылдықтарын, табандылықтарын және жоғары ойын шеберліктерін көрсетіп, ІІ орынға ие болды.

Команда құрамы:
• Қарабаева Фариза
• Қайыржанқызы Дария
• Мұқажан Саяжан
• Нұрғалиева Диана
• Бекмағамбетова Айлин
• Байбек Көркем
• Гилажева Адина
• Асқарова Амина
• Сайлау Аяулым
• Жылысова Інкәр

Спортшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізді тілейміз.

Команданы жарысқа сапалы дайындап, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген жаттықтырушы Аружан Серікке шынайы алғысымызды білдіреміз.

Спортшыларымызды мақтан тұтамыз және оларға толағай табыстар тілейміз!