[Kaz] Новости

🧘 Sana Sport-та Халықаралық йога күні

2025 жылдың 21 маусымында Sana Sport отбасылық спорт орталығында
Халықаралық йога күніне арналған жаттығулар өтті.

Іс-шараға йога секциясының қатысушылары қатысты.Жаттықтырушының жетекшілігімен олар дене мен сана үйлесіміне, иілгіштікті жақсартуға және кернеуді азайтуға бағытталған жаттығулар кешенін орындады.

🌿 Бұл күн бізге ішкі тепе-теңдік, денсаулық пен жаттығуға саналы көзқарастың маңызын еске салды.
Барлық қатысушыларға — тыныштық, күш пен бірлік атмосферасы үшін алғысымызды білдіреміз.