[Kaz] Новости

«Astana Jiu Jitsu Tour 2025»: Әлем чемпионатына жол

Джиу-джитсу жаттықтырушысы Ачикеев Искандер Алмазбекұлы «Astana Jiu Jitsu Tour 2025» турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл турнир — Әбу-Дабиде өтетін “World Pro” әлем чемпионатына іріктеу кезеңі. Әр жеңіс спортшыларға рейтингтік ұпайлар береді, ал маусым соңында үздік 10 спортшы әлем чемпионатына жолдама алады.

Искандер қазіргі таңда рейтингтегі үздік ондықтың қатарына кірді. Алда әлі бірнеше жарыс бар — солар арқылы өз орнын бекіту қажет. Жыл соңында финалдық рейтинг жарияланып, кімнің ел намысын қорғайтыны белгілі болады.

Жаңа жеңістер мен әлем чемпионатына шығуға тілектеспіз!