Sana Sport командасы — Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері
Қазақстан Республикасы чемпионаты аясында Sana Sport клубының командалары бірнеше жас санатында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Жеке клубтар арасындағы ҚР чемпионатында 2010–2011 жылы туған қыздар командасы топтық кезеңнен сенімді түрде бірінші орынмен шығып, финалға жолдама алды. Шешуші ойында Қостанай қаласының «Айсұлтан» волейбол клубын 2:1 есебімен жеңіп, ҚР чемпионатының чемпиондары атанды.
Сонымен қатар, команда 2007–2008 жылы туған спортшылар арасындағы ДЮСШ және СДЮСШОР арасындағы ресми ҚР чемпионатына қатысты. Команда сапында жасы кіші спортшылар өнер көрсеткеніне қарамастан, олар жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Команданың капитаны әрі жаттықтырушысы Алинаның жетекшілігімен «Берель-2» командасы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңілді.
Жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі орынға ие болды: үшінші орын үшін өткен тартысты ойында Маңғыстау облысының командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Жаттықтырушылар Мусаев Асхат пен Ахметов Курманды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, кәсіби өсім және жаңа жеңістер тілейміз.