Sana Sport орталығында SVOYDOM ENERGY CUP атты ірі волейбол турнирі өтті. Турнирге еліміздің 12 мықты командасы қатысты
🎉 Ашылу салтанаты әсерлі шоуға ұласты: — барабаншылар мен би топтары көрермендерді тәнті етті, — Sana Sport тәрбиеленушілері домбыра және черлидинг нөмірлерін көрсетті.
Әрбір ойын — нағыз шоу! Көрермендердің қолдауы мен қызу тартыс турнирдің шырайын ашты.
🎁 Сонымен қатар Svoydom компаниясының қолдауыменBackstreet Boys тобының концертіне билет ұтысы ұйымдастырылды.
Бұл турнир шын мәнінде спорт мерекесіне айналды. Барша қатысушыларға алғыс айтамыз — сіздер ерекше әсер сыйладыңыздар!