[Kaz] Новости

SVOYDOM ENERGY CUP: Sana Sport-тағы жарқын турнир

Sana Sport орталығында SVOYDOM ENERGY CUP атты ірі волейбол турнирі өтті. Турнирге еліміздің 12 мықты командасы қатысты

🎉 Ашылу салтанаты әсерлі шоуға ұласты:
— барабаншылар мен би топтары көрермендерді тәнті етті,
— Sana Sport тәрбиеленушілері домбыра және черлидинг нөмірлерін көрсетті.

Әрбір ойын — нағыз шоу! Көрермендердің қолдауы мен қызу тартыс турнирдің шырайын ашты.

🎁 Сонымен қатар Svoydom компаниясының қолдауымен Backstreet Boys тобының концертіне билет ұтысы ұйымдастырылды.

Бұл турнир шын мәнінде спорт мерекесіне айналды. Барша қатысушыларға алғыс айтамыз — сіздер ерекше әсер сыйладыңыздар!