[Kaz] Новости

Нептун күні – жазғы лагерьдегі көңілді мереке!

Бүгін лагерьде балалар асыға күткен ең көңілді күндердің бірі – Нептун күні өтті!

Балалар су ойындарына қатысып, бір-біріне су шашып, түрлі эстафеталар мен қызықты сайыстарда бақ сынады. Көңілді күлкі, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоциялар мерекенің сәнін келтірді.

Мұндай ойындар балаларға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, достықты нығайтып, белсенді демалуға және ұмытылмас жазғы естеліктер жинауға мүмкіндік береді.

Жазғы демалыс қызықты сәттерге толы болсын!
2026-07-16 18:04