[Kaz] Новости

Халықаралық Олимпиада күні құтты болсын!

Бұл күн – спорттың адамдарды біріктіретін, жаңа жетістіктерге жігерлендіретін және өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін ерекше күшін еске салады.

Барша спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт сүйер қауымға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз! Әрбір қадамдарыңыз жаңа жетістіктерге жетелеп, армандарыңыз орындала берсін.

Олимпиадалық құндылықтар – достық, құрмет және үздік болуға ұмтылыс – әрдайым алға жетелесін!