[Kaz] Новости

Sana Sport волейбол командасының жеңісі

Sana Sport волейбол командасы жаттықтырушылар Ахметов Құрман мен Алина бапкер жетекшілігімен 2013–2014 жылы туған қыздар арасында өткен ашық волейбол турниріне қатысты. Турнир Ерейментау қаласында «Біз — есірткіге қарсымыз» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша команда чемпион атанды.

Чемпионаттың үздік ойыншысы болып Джумагазина Инара танылды.

Сондай-ақ спортшының алғашқы жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дукарт Александр Францевичке ерекше алғыс білдіреміз.

Команда мен жаттықтырушылар құрамын тамаша жеңісімен құттықтаймыз!

Sana Sport — жаңа биіктерге!
2026-04-04 16:32