Sana Sport орталығында мерекелік ертеңгіліктер апталығы өз бастауын алды. Іс-шара Гарри Поттер стилінде өтіп, балаларды нағыз сиқырлы атмосфераға бөледі.
Балаларды қызықты тапсырмалар, құпиялы бөлмелер және сиқыр әлемінен алынған қызықты емтихандар күтіп тұрды. Әр бала өзін ертегідей шытырман оқиғаның бір бөлшегі ретінде сезіне алды.
Ертеңгілік балаларға жарқын эмоциялар, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады, ал ата-аналар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын қуанышпен әрі ризашылықпен атап өтті.