[Kaz] Новости

Арыстан Бекарыс — шахматтан іріктеу турнирінде 3-орын алды

3-разряд нормативін орындау мақсатында өткен іріктеу турнирі аясында Sana Sport тәрбиеленушісі Арыстан Беккарыс лайықты ойын көрсетіп, 3-орынды иеленді.
3-разряд нормативін орындауға бар болғаны жарты ұпай жетпей қалды. Дегенмен, мұндай турнирлерде бастысы — жүлделі орын емес, разряд нормативін орындау, себебі дәл осы көрсеткіш ресми мәртебеге және спорттық маңызға ие.
Арыстанды және жаттықтырушысы Сланбек Альханов ты лайықты нәтиже мен сенімді ойынымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта спорттық өсім, разрядты сәтті орындау және жаңа жеңістер тілейміз!