Sana Sport тәрбиеленушілері «DoStar Fest» XI халықаралық сурет байқауының жүлдегерлері атанды
Бүгін Sana Sport-тың жас суретшілері «DoStar Fest» XI халықаралық сурет байқауына қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, таланты мен қиял ұшқырлығын көрсетті.
Педагог Жанатбекова Зеренің жетекшілігімен тәрбиеленушілеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 🥇 Сейфулла Марьям — І орын 🥈 Жайлаубай Зере — ІІ орын 🥈 Қазбек Айлана — ІІ орын
Жас суретшілеріміз бен педагог Жанатбекова Зерені лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жеңістер және биік белестер тілейміз!