Sana Sport базасында баскетболдан FIBA U18 Asia Cup CABA Qualifiers іріктеу турнирі өтті.
Жоғары деңгейдегі ойын, мықты командалар және нағыз спорттық тартыс — әр матч ерекше эмоцияға, қарқынға және соңғы секундтарға дейін созылған күреске толы болды 🔥
Мұндай ауқымды халықаралық жарыстарды қабылдау — біз үшін үлкен мәртебе. Sana Sport алаңы жас спортшылардың үлкен спорттағы болашағына жол ашатын маңызды орынға айналып келеді.