[Kaz] Новости

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Домбыра – халқымыздың бай тарихы мен мәдениетінің, ұлттық рухы мен асыл мұрасының айқын белгісі. Оның қоңыр үні ұрпақтарды жақындастырып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайды.

Осынау айтулы мерекеде баршаңызға амандық, береке, бірлік пен мол қуаныш тілейміз. Домбыраның күмбірлеген үні әр шаңыраққа шаттық сыйлап, халқымыздың рухани мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!