[Kaz] Новости

Sana Sport спортшылары дзюдодан жүлделі орындарға ие болды

Жуырда өткен дзюдо жарысында Sana Sport намысын үш спортшымыз қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша екі спортшымыз жүлделі орыннан көрініп, жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен спорттық мінез көрсетті.

Құттыбай Тамсан-2 орын

Бауыржан Рамазан-3 орын

Бұл нәтиже — жүйелі жаттығулар мен табанды еңбектің жемісі. Дзюдо спорты балалардың тәртібін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін қалыптастыратын маңызды бағыттардың бірі.

Жүлдегер спортшыларымызды және оларды дайындаған жаттықтырушы Қабылды шын жүректен құттықтаймыз! Sana Sport дзюдоны дамыту арқылы жаңа белестерді бағындыруды жалғастырады.