Erzo Park Resort-тағы жазғы лагерьдің биылғы соңғы сапары
Лагерь тәрбиеленушілері Erzo Park Resort сауықтыру кешеніне соңғы сапармен барды. Мақсаты — балалардың белсенділігін арттыру және командалық бірлікті нығайту. Бағдарлама аясында балалар:
• квест-ойындарға қатысты; • би билеп, ән айтты; • түрлі қызықты ойындар ойнады; • дәмді тағамдардан дәм татып, от жағып, маршмеллоу қуырып жеді.
Іс-шара достық пен ынтымақтастық рухында өтіп, балаларға ұмытылмас әсер қалдырды!