[Kaz] Новости

Erzo Park Resort-тағы жазғы лагерьдің биылғы соңғы сапары

Лагерь тәрбиеленушілері Erzo Park Resort сауықтыру кешеніне соңғы сапармен барды.
Мақсаты — балалардың белсенділігін арттыру және командалық бірлікті нығайту.
Бағдарлама аясында балалар:

• квест-ойындарға қатысты;
• би билеп, ән айтты;
• түрлі қызықты ойындар ойнады;
• дәмді тағамдардан дәм татып, от жағып, маршмеллоу қуырып жеді.

Іс-шара достық пен ынтымақтастық рухында өтіп, балаларға ұмытылмас әсер қалдырды!