Sana Sport: мектеп турниріндегі жас спортшылардың жаңа жетістіктері
Sana Sport-тың кіші жастағы ұлдары мен қыздары №54 мектепте өткен турнирге қатысты. Жаттықтырушы Оразбеков Алматтың жетекшілігімен команда табандылық, белсенділік және нағыз командалық рух көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Нурали Амангелди 3-орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл табыс алдағы жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктерге серпін берсін. Sana Sport — алға!