[Kaz] Новости

«Күш порталы» жазғы лагерінің 4-маусымының ашылуы

«Күш порталы» жазғы лагерінің 4-маусымы өз бастауын алды! Бүгін лагерь жаңа қатысушыларын қуанышпен қарсы алып, жарқын әсерлерге, қызықты ойындарға, спорттық жарыстарға және жаңа достыққа толы күндердің шымылдығын ашты.

Алда балаларды пайдалы әрі көңілді демалыс, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, белсенді ойындар мен ұмытылмас сәттер күтуде.

Барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, қызықты демалыс және сәтті маусым тілейміз!