SANA Scout GRAND FINAL: жазғы лагерьдің жарқын қорытындысы
Лагерьде SANA Scout GRAND FINAL атты жарқын мереке өтті. Бұл шара — ұмытылмас жазғы маусыммен қоштасудың шынайы символына айналды.
Балалар шығармашылық нөмірлер дайындап, көрермендерге ән мен би тарту етті. Балалар мен ата-аналар үшін қызықты әрі тартысты ойындар ұйымдастырылып, баршаға қуаныш пен әсерлі сәттер сыйлады.
Мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлаған — балаларға арналған тәтті мақта мен түрлі-түсті шарлар. Ал нағыз финалдың көркіне айналған — Холи бояулары, олар лагерь аумағын нағыз түсті ертегіге айналдырды.
Бұл күн — шын мәнінде қуанышқа, күлкі мен есте қаларлық сәттерге толы болды.