Sana Sport шахматшылары разрядтық турнирде жақсы нәтиже көрсетті
Sana Sport орталығының жас шахматшылары 2, 3 және 4 спорттық разрядтарға арналған шахмат турниріне қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар жүлделі орындарға ие болып, спорттық разрядтар орындады: 🥇 Мұқанов Әміржан — 1 орын, 4-разряд орындады 🥈 Байырбек Алтай — 2 орын 🥈 Арыстан Бекқарыс — 2 орын 🥈 Таиров Самир — 2 орын, 4-разряд орындады 🥇 Жанай Бекқарыс — 4-разряд орындады
Спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл — олардың еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы — Альханов Сланбек. Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен жоғары нәтижелер тілейміз!