[Kaz] Новости

Sana Sport шахматшылары разрядтық турнирде жақсы нәтиже көрсетті

Sana Sport орталығының жас шахматшылары 2, 3 және 4 спорттық разрядтарға арналған шахмат турниріне қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар жүлделі орындарға ие болып, спорттық разрядтар орындады:
🥇 Мұқанов Әміржан — 1 орын, 4-разряд орындады
🥈 Байырбек Алтай — 2 орын
🥈 Арыстан Бекқарыс — 2 орын
🥈 Таиров Самир — 2 орын, 4-разряд орындады
🥇 Жанай Бекқарыс — 4-разряд орындады

Спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл — олардың еңбегі мен табандылығының нәтижесі.
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы — Альханов Сланбек.
Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен жоғары нәтижелер тілейміз!