Sana Sport ұстаздары Damu Mall сауда орталығында балаларға мастер-класс өткізді
8 наурыз мерекесіне орай Sana Sport орталығының ұстаздары Damu Mall сауда орталығында балаларға арналған түрлі мастер-кластар өткізді.
Бұл күні балалар әртүрлі бағыттар бойынша жаңа нәрселер үйреніп, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді.
Мастер-кластарды біздің ұстаздар өткізді: 🏓 Александр Герасименко және Дінмұхаммед Қасенов — үстел теннисінен мастер-класс 🎨 Зере Асылханқызы — сурет салу бойынша мастер-класс 🍳 Мадина Равшанжановна — аспаздық бойынша мастер-класс
Балалар сабақтарға үлкен қызығушылықпен қатысып, шығармашылыққа толы мерекелік атмосфера қалыптасты.
Sana Sport — балалардың қабілеттерін ашып, дамуына мүмкіндік беретін орталық.