БАСКЕТБОЛДАН ЖАЗҒЫ СПОРТ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА — 2 ОРЫН!
Астана қаласындағы Триатлон паркінде өткен жазғы спорт маусымының ашылуында Sana Sport орталығының баскетбол командасы тамаша ойын көрсетіп, жүлделі 2 орын иеленді!
Жаттықтырушы Стрихар Владиславтың жетекшілігімен команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Спортшыларымыз бен жаттықтырушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз.