Халықаралық WTT Contender Almaty үстел теннисі турнирі
2025 жылғы 2 қыркүйек
Алматыда WTT Contender Almaty беделді халықаралық үстел теннисі турнирі сәтті өтті. Бес күн бойы 21 елден келген 143 спортшы үздік атағы мен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынасты.
Sana Sport орталығы осы додаға қатысқан жаттықтырушымыз – Тимофей Герасименконы мақтанышпен атап өтеді.
Бұл жолы сәттілік қарсыластардың жағында болғанымен, біздің көзімізде ол – нағыз чемпион, рух күшінің үлгісі.
Алда оны жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенеміз!