[Kaz] Новости

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған квест ойыны

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Sana Sport» орталығы балаларға арналған қызықты әрі танымдық квест ойынын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларға достықтың, бірліктің және командалық жұмыстың маңызын көрсету.

Балалар командаларға бөлініп, барлық сынақтарды ұйымшылдықпен және бірлесе отырып сәтті орындады. Квест 5 тақырыптық аймақтан тұрды:

— Қазақстан дәстүрлері
— Қазақ ұлттық ойындары
— Өнер және шығармашылық аймағы
— Әлем халықтарының тілдері
— Музыкалық аймақ

Әр кезең балаларға жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың тапқырлығы мен белсенділігін, командалық рухын көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар үшін бұл күн қызықты, көңілді әрі есте қаларлықтай өтті.
Осындай іс-шаралар балалар арасындағы достықты нығайтып, бір-біріне деген құрметті тәрбиелейді және бірлік сезімін дамытады.
Баршаңызға бейбіт өмір, амандық, береке және бақытты балалық шақ тілейміз! Елімізде әрдайым татулық, достық пен өзара түсіністік орнасын.
2026-05-01 12:59