[Kaz] Новости

Балаларды қорғау күніне орай Sana Sport-та мерекелік футбол турнирі өтті!

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кіші топ тәрбиеленушілері арасындағы футбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарқын эмоциялар мен ерекше әсерлерге толы болды.

Турнир жаттықтырушылар Хайрушев Бекзат пен Қаиров Ілиястың жетекшілігімен өтті. Жас футболшылар өздерінің ептілігі мен командалық рухын көрсетіп, көрермендерге тамаша ойын сыйлады.

Мерекелік іс-шара балалар үшін ұмытылмас күнге айналып, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық әріптестерімізге, жаттықтырушыларымызға және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!

Балалардың күлкісі мен қуанышы – біздің басты жетістігіміз!
2026-05-31 17:27