Алматы қаласында Асхат Нұрабайұлының атына арналған дзюдодан ашық республикалық турнир жоғары деңгейде өтті. Аталған жарысқа Sana Sport атынан 3 спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Турнирге Қазақстан бойынша 60 команда, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген спортшылар қатысып, жалпы саны 1000-нан астам қатысушы жиналды. Әр салмақ дәрежесінде 45–50 спортшыдан бақ сынап, жарыс өте тартысты өтті.
Бауыржан Рамазан — III орын иегері. Жасы небәрі 8-де болса да, ол 9–10 жасар спортшылармен бірге күресіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл — тек жүлде ғана емес, үлкен тәжірибе мен ортақ жеңіс. Мұндай жарыстар жас спортшылардың шыңдалуына, мінезінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Спортшымызды және оның жаттықтырушысы Рамазанов Қабылды лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Алда әлі талай биік белестер мен жарқын жеңістер күтіп тұр.