[Kaz] Новости

Sana Sport-та 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Sana Sport орталығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Би үйірмесінің педагогы Ярослава Сергеевна ата-аналарға арнап үлкен концерт ұйымдастырды.

Концертте ең кішкентай тәрбиеленушілерден бастап жасөспірім қыздарға дейін өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді әсем билерімен тәнті етті. Әрбір қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, сахнадағы өнер мен эмоция залға жылы атмосфера сыйлады.

Концерт соңында шағын шоу ұйымдастырылып, қыздар аналарына гүл сыйлады. Бұл сәт барша қатысушылар үшін әсерлі әрі ұмытылмас естелікке айналды.

Sana Sport — тек спорт емес, бұл жерде жылулық, қамқорлық және қуанышты сәттер бар.